Сұрақ №1 І. Жансүгіровтің романын анықтаңыз.
Жауаптар:
- A) «Жолдастар».
- B) «Өмір мектебі».
- C) «Тар жол, тайғақ кешу».
- D) «Адасқандар».
- E) «Раушан -коммунист».
Сұрақ №2 Ахмет Байтұрсынұлы қай жерде дүниеге келді?
Жауаптар:
- A) Торғай
- B) Көкшетау
- C) Семей
- D) Тарғабатай
- E) Қызылжар
Сұрақ №3 «Евгений Онегин» романын тұңғыш қазақ тіліне аударған ақын:
Жауаптар:
- A) М. Жұмабаев
- B) І. Жансүгіров
- C) А. Байтұрсынұлы
Сұрақ №4 Сәкен Сейфуллин поэмасын белгілеңіз.
Жауаптар:
- A) “Гималай”.
- B) “Қызыл ат”.
- C) “Қулагер”.
- D) “Кім жазыкты”.
- E) “Сұлушаш”.
Сұрақ №5 Күннің көзін жасырар,
Аспанды бұлт торласа.
Елдің бағы ашылар,
Əділеттік орнаса, - деген үзінді Сүйінбайдың
қай шығармасынан алынғандығын табыңыз.
Жауаптар:
- A) «Төрелерге»
- B) «Үмбетəліге»
- C) «Əділеттік орнаса»
- D) «Бала Жамбылға бата»
- E) «Бөрлі менің байрағым»
Сұрақ №6 Абайдың Лермонтовтан аударған мысалдарын анықтаңыз.
Жауаптар:
- A) «Піл мен канден».
- B) «Теректің сыйы».
- C) «Шегіртке мен құмырсқа».
- D) «Бака мен өгіз».
- E) «Евгений Онегин».
Сұрақ №7 Аңыздар деген не?
Жауаптар:
- A) Көркем әдебиет түрі
- B) Ауыз әдебиет түрі
- C) Ертегі түрі
- D) Мақал мәтел түрі
- E) Жұмбақтар түрі
Сұрақ №8 Балалар!Оқуға бар! Жатпа қарап!
Жуынып, киініңдер шапшаңырақ! – қай өлең жолдарынан алынған үзінді?
Жауаптар:
- A) Кел, балалар, оқылық!
- B) Ғылым таппай мақтанба
- C) Күз
- D) Үш бақытым
- E) Балаларды оқуға шақыру
Сұрақ №9 Алдар көсе қай жанрдың кейіпкері?
Жауаптар:
- A) Аңыз әңгіме
- B) Әңгіме
- C) Айтыс
- D) Ертегі
- E) Шешендік сөз
Сұрақ №10 Орхон жәдігерліктері қашан табылды?
Жауаптар:
- A) XVIIIғ.
- B) XIXғ.
- C) XXғ.
Сұрақ №11 Сағындым сені, Жайық алма бақты,
Өткіздім өз бойында жастық шақты.
Сүюші ем төңкерілген толқыныңды,
Солқылдап соғып жатқан жарқабақты .... деген өлең жолдары қай ақын жазғанын анықтаңдар.
Жауаптар:
- A) Сырбай Мәуленов
- B) Сәкен Сейфуллин
- C) Ілияс Жансүгіров
- D) Жұбан Молдағалиев
- E) Абай Құнанбаев
Сұрақ №12 Төмендегі үзінді Иса Байзақовтың қай шығармасынан алынған?
Кеші еді жаздың сұлу нұр төгілген,
Жібектей жерге жасыл гүл себілген.
Көк шатыр, қызғылт теңбіл тақталанып,
Жерге кеп алыс аспан төңкерілген
Жауаптар:
- A) «Жазғы кеш»
- B) «Құралай сұлу»
- C) «Ақбөпе»
- D) «Қойшының ертегісі»
- E) «Неге Алатау шаттанады?»
Сұрақ №13 Одаққа атағы кетіп, ССРО Жазушыларының I съезінде сөз сөйлеген ақын- жазушыны табыңыз.
Жауаптар:
- A) І.Жансүгіров.
- B) Ж.Жабаев.
- C) Ғ.Мүсірепов.
- D) С.Сейфуллин.
- E) М.Әуезов.
Сұрақ №14 Абайдың пікірлес орыс досын анықтаңыз.
Жауаптар:
- A) Березин.
- B) Потанин.
- C) Михаэлис.
- D) Веселовский.
- E) Белинский.
Сұрақ №15 Жиембет жырау қай ғасырда өмір сүрген:
Жауаптар:
- A) 17
- B) 16
- C) 15
- D) 18
Сұрақ №16 Ш.Құдайбердіұлының әлеуметтік мәселелер, ел бірлігіне арналған тақырыптағы өлеңін белгілеңіз.
Жауаптар:
- A) «Жастарға».
- B) «Дүние мен өмір».
- C) «Талап пен ақыл».
- D) «Міндеу мен күндеу».
- E) «Кәрілік туралы».
Сұрақ №17 Е.П.Михаэлисті кітапханада Л.Н.Толстой кітабын сұрап таңырқатқан қазақтың кім екенін анықтаңыз.
Жауаптар:
- A) Шоқан.
- B) Дулат.
- C) Абай.
- D) Ахмет.
- E) Мағжан.
Сұрақ №18 "Қайыңдаймінсіз, таудай таза жігіт, Кең-қоқыр, былапыттап жеріп журген". Бұл І.Жансүгіровтің қай поэмасының кейіпкеріне берілген сипаттама екенін белгілеңіз.
Жауаптар:
- A) "Құлагер”.
- B) "Күйші".
- C) "Дала".
- D) "Жаңа туған".
- E) "Күй".
Сұрақ №19 Аңшылық туралы өлең-жырлардағы сұлулықтың, әдеміліктің символын табыңыз.
Жауаптар:
- A) Бота, бүркіт.
- B) Қаз бен бүркіт.
- C) Аққу мен ақбөкен.
- D) Аққу мен түйе.
- E) Ат пен кой.
Сұрақ №20 Жігіттің шешендігін дауда сына, Жігітті батырсынған дауда сына.
Бұл нақылға айналған жолдардың авторын көрсетіңіз.
Жауаптар:
- A) Ыбырай Сандыбайұлы.
- B) Əсет Найманбаев.
- C) Ақан сері Қорамсаұлы.
- D) Жаяу Мұса Байжанұлы.
- E) Ілияс Жансүгіров