Сұрақ №1 Тағам ретінде пайдаланатын былқылдақденелілер (ұлулар):
Жауаптар:
- A) Каракатица.
- B) Айқұлақ.
- C) Үлкен тоспа ұлуы.
- D) Жалаңаш шырыш.
- E) Кіші тоспа ұлуы.
Сұрақ №2 Көпқылтанды құрттарға тән емес белгі:
Жауаптар:
- A) Кутикуламен қапталуы.
- B) Топырақ құнарлылығын арттыру.
- C) Денесі: бас-тұлға-аналь тесігінен тұру.
- D) Регенерацияның болуы.
- E) Дене қуысының болуы.
Сұрақ №3 Cұтқоректiлердiң терiсiндегi тұбiт жамылғысы
Жауаптар:
- A) теріні зақымданудан қорғайды.
- B) денедегі жылуды сақтайды.
- C) теріні ластанудан сақтайды.
- D) сипап сезуге қажет.
- E) түлеу үшін қажет.
Сұрақ №4 Cағақты жапырақ болады
Жауаптар:
- A) Бидайда
- B) Алоэда
- C) Қайыңда
- D) Күріште
- E) Жүгеріде
Сұрақ №5 Тыныш отырғанда адамның жұтатын ауа мөлшері:
Жауаптар:
- A) 3500 см3
- B) 3000 см3
- C) 1500 см3
- D) 500 см3
- E) 2000 см3
Сұрақ №6 Бір тұқымжарнағы бар өсімдік
Жауаптар:
- A) Үрмебұршақ
- B) Қараған
- C) Асбұршақ
- D) Соя
- E) Бидай
Сұрақ №7 Жабынұлпасының түрлері
Жауаптар:
- A) тығыз сүйек шеміршек
- B) шеміршек тығыз борпылдақ
- C) борпылдақ, тығыз, безді, кірпікшелі
- D) эпителий талшық тәрізді кірпікшелі
- E) май шеміршек талшық тығыз
Сұрақ №8 Аяқтары бірнеше бунақтардан құралатын жәндіктер:
Жауаптар:
- A) Буынаяқтылар.
- B) Буылтық құрттар.
- C) Бунақденелілер.
- D) Былқылдақденелілер.
- E) Көп қылтанды құрттар.
Сұрақ №9 Адамның жүрегінің бөлігі:
Жауаптар:
- A) 4
- B) 1
- C) 2
- D) 3
- E) 5
Сұрақ №10 Астан уланған адамныњ ауру белгілері -
Жауаптар:
- A) Жүрегі айниды, құсады, іші ауырып, өтеді, әлсізденеді.
- B) Тісі сарғайып, кіреукесі бұзылады.
- C) Қарынныњ сілекейі тітіркеніп, қабынады.
- D) Бүкіл денесі қалшылдап, тынысы тарылады.
- E) Басы айналып, көзі қарауытады, есінен танады.
Сұрақ №11 Эритроциттер түзіледі:
Жауаптар:
- A) Бауырда
- B) Сүйектің қызыл кемігінде
- C) Көкбауырда
- D) Фибринде
- E) Гемоглобинде
Сұрақ №12 Қан жасушаларын бөліп алғанда қалатындар:
Жауаптар:
- A) Сарысу.
- B) Гамма-глобулин.
- C) Физиологиялық ерітінді.
- D) Гемоглобин.
- E) Плазма.
Сұрақ №13 Сүт бездері нашар дамыған сүтқоректілер
Жауаптар:
- A) Ехидна (түрпі).
- B) Коала.
- C) Кенгуру.
- D) Кірпі.
- E) Қоян.
Сұрақ №14 Қорғаныш реңге жатады:
Жауаптар:
- A) Зебрдің ашық өрнегі.
- B) Усыз жәндіктердің улы жәндіктерге ұқсауы.
- C) Ханқызының есте қалатын айқын түсі.
- D) Пішіні бұтаққа ұқсас жұлдызқұрт.
- E) Шағатын жабайы араның түсі.
Сұрақ №15 Жүгері өсімдігінің гүлшоғыры:
Жауаптар:
- A) Шашақгүл.
- B) Собық пен шашақ.
- C) Сыпыртқыгүл.
- D) Шатыршагүл.
- E) Қалқаншагүл.
Сұрақ №16 Кіндігі жуан,етжеңді гүлшоғыры:
Жауаптар:
- A) собық
- B) шоқпарбас
- C) күрделі масақ
- D) шашақгүл
- E) масақ
Сұрақ №17 Құлақ қалқаны -
Жауаптар:
- A) тепе-теңдікті сақтайды.
- B) сыртқы құлақты ортаңғы құлақтан бөліп тұрады.
- C) дыбысты қабылдайды.
- D) ауадағы дыбыс тербелістерін сыртқы дыбыс жолына бағыттайды.
- E) дабыл жарғағын серпімді жарғақпен байланыстырады.
Сұрақ №18 Жасушада фотосинтез процесіне қатысатын:
Жауаптар:
- A) Митохондрия.
- B) Эндоплазмалық тор.
- C) Голдьжи жиынтығы.
- D) Хлоропластар.
- E) Рибосома.
Сұрақ №19 Микседема ауруының пайда болуы
Жауаптар:
- A) Өсу гормонының жетіспеушілігінен.
- B) Қалқанша безі қызметінің жетіспеушілігінен.
- C) Адреналин гормонының артық бөлінуінен.
- D) Қалқанша безі қызметінің шектен тыс болуынан.
- E) Тимозин гормонының артық мөлшерінен.
Сұрақ №20 Ұрықтың дамуы
Жауаптар:
- A) – 30 күн
- B) – 360 күн
- C) – 320 күн
- D) – 260 күн
- E) – 280 күн