Сұрақ №1 Термин сөзді табыңыз.
Жауаптар:
- A) Қарлығаш.
- B) Бұлақ.
- C) Аспан.
- D) Жер серігі.
- E) Болашақ.
Сұрақ №2 Толықтауыш қатысқан қатарды табыңыз.
Жауаптар:
- A) Мен жазда келдім.
- B) Алға қарай тез адымда.
- C) Ол да барар.
- D) Асанда кітап бар.
- E) Жуырда келмекші.
Сұрақ №3 Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны табыңыз.
Жауаптар:
- A) Қалалық.
- B) Әсемпаз.
- C) Білімді.
- D) Кілтті.
- E) Дұрыс.
Сұрақ №4 Сабақты етістік талап ететін септікті көрсетіңіз.
Жауаптар:
- A) Атау септік.
- B) Шығыс септік.
- C) Табыс септік
- D) Көмектес септік.
- E) Жатыс септік.
Сұрақ №5 Қысаң дауысты дыбыстан құралған қатарды табыңыз.
Жауаптар:
- A) Күшік, кешік.
- B) Ыстық, қапырық.
- C) Қыран, тұлпар.
- D) Дәстүр, мүлік.
- E) Түлкі, күлкі.
Сұрақ №6 Септеулік шылаулар қатарын белгілеңіз.
Жауаптар:
- A) да, де, та, те.
- B) пен, мен, бен.
- C) ма, ме, ба, бе.
- D) үшін, сайын, жайында.
- E) әсіресе, -ау, -ақ.
Сұрақ №7 Қосымшасы ұяң және үнді дауыссыздан басталған сөздерді анықтаңыз.
Жауаптар:
- A) Кітапқа, менсіз.
- B) Дүниеге, пайдалы .
- C) Шашпен, тасқа.
- D) Текті, тексіз.
- E) Доппен, таққа.
Сұрақ №8 Жалғаулықсыз себеп-салдар салаласты табыңыз.
Жауаптар:
- A) Бұл сөз Кенжетайға ауырлау тиді, ол ауыл жігіті болатын.
- B) Жетпіс жыл өмір сүрдім, өзіме аз көрінеді.
- C) Оған ескерттім мен, сондықтан кешікпеуге тиіс.
- D) Асан малға икемді болып өсті.
- E) Білмесең үндеме, білгенді күндеме.
Сұрақ №9 Дыбыс саны мен әріп санында айырмашылығы бар сөзді анықтаңыз.
Жауаптар:
- A) Қамыс.
- B) Тұяқ.
- C) Қара.
- D) Қағаз.
- E) Шам.
Сұрақ №10 Сөйлем түрін белгілеңіз.Жібермесем, сағы сынады-ау( )Тәуекел, жіберсем бе екен( )
Жауаптар:
- A) Хабарлы сөйлем.
- B) Бұйрықты сөйлем.
- C) Лепті сөйлем.
- D) Жай сөйлем.
- E) Сұраулы сөйлем.
Сұрақ №11 «Рецензия» сөзінің анықтамасын табыңыз.
Жауаптар:
- A) Сынау.
- B) Мазмұндау.
- C) Ой түйіні.
- D) Шолу.
- E) Бағалау.
Сұрақ №12 Сызықша дұрыс қойылған жерді табыңыз.
Жауаптар:
- A) Егер де – қолға түсіп қалсаң, мені білмейсің.
- B) Сол – үміт әлі үміт боп келеді.
- C) Біз – жиырма төрт екенбіз.
- D) Біздің тоқталатынымыз – соңғысы.
- E) Саябақтың ішінде жан жоқ – тым-тырыс.
Сұрақ №13 Етістіктен жасалған дерексіз зат есімді табыңыз.
Жауаптар:
- A) Тіл байлығы – ой байлығы.
- B) Қоянды қамыс өлтіреді, ерді намыс өлтіреді.
- C) Сол кезде бақыт дегенді бағалай білсемші!...
- D) Қызық еді Аянның мінезі.
- E) Қуанышыма ортақтаса келгендеріңе рахмет.
Сұрақ №14 Толымсыз сөйлемдер жиі кездесетін қатарды көрсетіңіз.
Жауаптар:
- A) Жай сөйлем.
- B) Құрмалас сөйлем.
- C) Диалогты сөйлем.
- D) Бірыңғай мүшелі сөйлем.
- E) Оқшау сөзді сөйлем.
Сұрақ №15 Үйірлі баяндауышты белгілеңіз.Есті адамдарда бар қасиет – уайым жеу.
Жауаптар:
- A) Есті.
- B) Адамдарда.
- C) Бар.
- D) Қасиет.
- E) Уайым жеу.
Сұрақ №16 Сөз тіркесінің түрін көрсетіңіз.
Жауаптар:
- A) 5.
- B) 2.
- C) 3.
- D) 4.
- E) 1.
Сұрақ №17 Салаластың түрін анықтаңыз.Ол бастапқыдан да бетер сұлу сөйледі,өз сөзін өзі қызықтап тыңдай бастады.
Жауаптар:
- A) Ыңғайлас салалас.
- B) Қарсылықты салалас.
- C) Түсіндірмелі салалас.
- D) Себеп-салдар салалас .
- E) Талғаулы салалас.
Сұрақ №18 Мезгіл мәнді пысықтауыш қызметіндегі зат есімді көрсетіңіз.
Жауаптар:
- A) Парашютпен ұшақтан секіруге құмар болдым.
- B) Одан әрірек жарқыраған теңіз жағалауы жатыр.
- C) Күтіп жүрген адамы түнде келіпті.
- D) Бірде мынандай оқиға болған еді.
- E) Таңертең жинамай кеткен төсегі сол күйінде жатыр.
Сұрақ №19 Бастауыштың жасалу жолын белгілеңіз.Балалар айналаға масаттана қарайды.
Жауаптар:
- A) Сын есім.
- B) Зат есім.
- C) Есімдік.
- D) Сан есім.
- E) Есімше.
Сұрақ №20 Буын үндестігі сақталып жазылған сөзді көрсетіңіз.
Жауаптар:
- A) Балгер.
- B) Әсемпаз.
- C) Сәнқой.
- D) Өнерлі.
- E) Әкетай.