Сұрақ №1 Менталитет сөзінің қазақша баламасы:
Жауаптар:
- A) дін
- B) діл
- C) ақыл
- D) сана
Сұрақ №2 Өнім өндіру үшін құрылған, өздігінен шаруашылық жүргізетін субъект:
Жауаптар:
- A) кәсіподақ
- B) жекеменшік
- C) кәсіпорын
- D) монополия
Сұрақ №3 Белгілі бір әлеуметтік топтың, таптың ұлттың мүддесін қорғау үшін біріккен қоғамның белсенді және ұйымдасқан бөлігі:
Жауаптар:
- A) партия
- B) коалиция
- C) бірлестік
- D) фракция
Сұрақ №4 Мемлекеттік билік органдарының өкімімен құрылатын кәсіпорын:
Жауаптар:
- A) жалгерлік кәсіпорын
- B) акционерлік қоғамдар
- C) мемлекеттік кәсіпорындар
- D) жеке кәсіпорын
Сұрақ №5 Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша БҰҰ құрған ұйым:
Жауаптар:
- A) ЮНИСЕФ
- B) ЮНЕСКО
- C) Қызыл крест және қызыл жарты ай
- D) НАТО
Сұрақ №6 Азаматтар діни қағидаларға сілтеме жасай отырып, заңды түрде тиісті міндетінен, мысалы, әскери міндетінен бас тарта ала ма?
Жауаптар:
- A) бас тарта алады
- B) бас тарта алмайды
- C) тек ерекше жағдайларда
- D) ерікті түрде атқарылады
Сұрақ №7 Демократияны қолдайтын, оған мүдделі күш:
Жауаптар:
- A) халық
- B) парламент
- C) үкімет
- D) сот
Сұрақ №8 Құндылықтар туралы философиялық ілім:
Жауаптар:
- A) диалектика
- B) логика
- C) аксиология
- D) гносеология
- E) дедукция
Сұрақ №9 Адамдардың өзара және қоғаммен қатынастарын, өздерін ұстауын реттеп отыратын қоғамдыққ сананың формасы:
Жауаптар:
- A) салт-сана
- B) мораль
- C) құқықтық нормалар
- D) заңдар
Сұрақ №10 Мүліктік құндылықтарға жатады:
Жауаптар:
- A) Жеке отбасы құпиясы
- B) Жеке адамның қадірі
- C) Жеке адамның еңбек құралдары
- D) Жеке адамның іскерлігі
- E) Өз есіміне құқығы
Сұрақ №11 Демократиялық қоғамда жеке тұлғаға берілетін бостандық (-тар):
Жауаптар:
- A) өмір бостандығы
- B) ой бостандығы
- C) табиғи бостандық
- D) шешім бостандығы
- E) әлеуметтік қажеттілік
Сұрақ №12 Адам ресурсы, жұмысшылар мен қызметкерлер, олардың білімі және тәжірибесі:
Жауаптар:
- A) кәсіпкерлік
- B) еңбек
- C) капитал
- D) нарық
Сұрақ №13 Қазақ қалаларын біріктірген Жәнібек ханның ұлы Қасым қабылдаған заңдар жинағының атауы:
Жауаптар:
- A) «Есім ханның ескі жолы»
- B) «Қасым ханның қасқа жолы»
- C) «Жасақ»
- D) «Жеті жарғы»
Сұрақ №14 Альтруизм дегеніміз:
Жауаптар:
- A) жеке басының қамын ойлау
- B) басқаларға қамқорлық етуге бағытталған адамгершілікті санат
- C) зұлымдық
- D) ізгілік
Сұрақ №15 Ежелгі қытай, үнді, грек философиясында адам –
Жауаптар:
- A) эволюциялық дамудың шыңы
- B) ең саналы жыртқыш
- C) ғарыштың бір бөлігі (микрокосм)
- D) саналы сүтқоректі
Сұрақ №16 Бір адамның қолына шоғырланған билік:
Жауаптар:
- A) республика
- B) абсолюттік монархия
- C) монархия
- D) конституциялық монархия
Сұрақ №17 Жеке басын куәландыратын төлқұжат неше жасқа толғанда беріледі?
Жауаптар:
- A) 18
- B) 20
- C) 21
- D) 16
Сұрақ №18 Қоғам өмірінің барлық аяларына бақылау жасайтын, қуғын-сүргін жүргізетін мемлекеттік басқару формасы:
Жауаптар:
- A) демократия
- B) анархия
- C) олигархия
- D) тоталитаризм
Сұрақ №19 Эмпирикалық таным әдісінің ең күрделісі:
Жауаптар:
- A) тәжірибе жасау
- B) идеалдау
- C) формализациялау
- D) бақылау
- E) салыстыру
Сұрақ №20 Заңдардың ішіндегі ең негізгісі:
Жауаптар:
- A) нормативтік акт
- B) Конституция
- C) Заңдар
- D) Жарғылар