Сұрақ №1 Мемлекеттік функцияларды орындаумен қоса айналысуға болатын қызмет:
Жауаптар:
- A) Педагогтық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызмет
- B) Коммерциялық салалардағы қызмет
- C) Шаруашылық субъектіні басқару қызметі
- D) Кәсіпкерлік қызмет
Сұрақ №2 Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды, тергеп-тексеруді және алдын алуды және оларды жасаған адамдарды өз құзыретінің шегінде жауапқа тартуды кім жүзеге асырады?
Жауаптар:
- A) барлық мемлекеттік органдармен лауазымды адамдар
- B) ұлттық қауіпсіздік органдары
- C) прокуратура органдары
- D) прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, үшкі істер, мемлекеттік кіріс, әскери полиция органдары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік қызметінің Шекара қызметі
Сұрақ №3 Жеке тұлғалар қоғамдық бірлестіктер және өзге де заңды тұлғалар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кезінде қандай шаралар қолданады?
Жауаптар:
- A) Сыбайлас жемқорлыққылмыстарға қарсы және құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің нысандары мен әдістерін жетілдіреді
- B) Ұстап алынған және күзетіп ұсталатын адамдарды айдауылмен алып үреді
- C) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, уәкілетті органдар мен лауазымды адамдардан ревизиялар, салықтық және басқа да тексерулер, аудит және бағалау жүргізуді талап етеді
- D) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнама мен құқық қолдану практикасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар
Сұрақ №4 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының қолдану аясы:
Жауаптар:
- A) ҚР аумағында жеке тұлғаларға қатысты
- B) ТМД мемлекеттері аумағындағы лауазымды адамдарға құқыққа қайшы мүліктік игіліктер мен артықшылықтар ұсынатын барлық заңды әрі жеке тұлғаларға
- C) ҚР аумағында жеке және заңды тұлғаларға қатысты
- D) ҚР аумағында заңды тұлғаларға қатысты
Сұрақ №5 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы қашан қабылданды?
Жауаптар:
- A) 2015 жылғы 15 қараша
- B) 2015 жылғы 18 желтоқсан
- C) 2015 жылғы 15 қазан
- D) 2015 жылғы 18 қараша
Сұрақ №6 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның өкілеттіктеріне жатпайды:
Жауаптар:
- A) ҚР-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңманасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, оларды жою бойынша заңнамалық тәртіппен белгіленген шараларды қабылдау
- B) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүргізу тәртібін анықтау
- C) ҚР-ның Президентіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл туралы баяндаманы жыл сайын ұсыну
- D) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және лауазымды ададмдардың ҚР-ның Заңнамасында белгіленген тәртіппен ақпарат пен материалды сұрату
Сұрақ №7 Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар нәтижесінде жасалған мәмілелерді сот:
Жауаптар:
- A) екі жақтың келісімінің негізінде жарамды деп таниды
- B) жарамсыз деп таниды
- C) заңға қайшы келмейтін бөлігін жарамды деп таниды
- D) заңнамаға қайшы келетін бөлігін жарамсыз деп таниды
Сұрақ №8 Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін адам:
Жауаптар:
- A) Мемлекеттің қорғауында болады және көтермеленеді
- B) Уәкілетті органның қорғауында болады және көтермеленеді
- C) Қорғауда болады және көтермеленеді
- D) Қамауға алынады
Сұрақ №9 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты:
Жауаптар:
- A) Мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың және мемлекеттік функцияларды атқаратын өзге де адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың мүдделерін қорғау
- B) Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін құқықтық-қылмыстық ықпал етудің шаралары мен жазаларын бекіту
- C) Қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою
- D) Жауаптардың барлығы дұрыс
Сұрақ №10 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның құзыретіне не жатпайды?
Жауаптар:
- A) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау
- B) Осы заңға сәйкес, мемлекеттік органдар, ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау
- C) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайларын барынша азайту және жою жөнінде ұсынымдар енгізу
- D) Мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және лауазымды адамдардан Қазақстан Республикасының Заңнамасында белгіленген тәртіппен ақпарат пен материалдарды сұрату
Сұрақ №11 Жауапты мемлекттік лауазымды атқаратын тұлғалар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттілік берілген адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттілік берілген адамдарға теңестірілген адамдар, лауазымды адамдар өздерінің жақын туыстары және (немесе) жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жекжаттары атқаратын лауазымдарға тікелей бағыныста лауазымдарды атқара алады ма?
Жауаптар:
- A) Атқара алмайды
- B) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша уәкілетті органның келісімімен атқара алады
- C) Атқара алады
- D) Құқық қорғау органдарының келісімімен атқара алады
Сұрақ №12 Мемлекеттік лауазымдағы тұлғаның ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарына кірістер мен мүлкі туралы декларация ұсыатын жақын туысы:
Жауаптар:
- A) Кәмелетке толған балалары
- B) Жұбайлары (зайыптары)
- C) Балалары
- D) Ата-анасы
Сұрақ №13 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеуді қабылдамау:
Жауаптар:
- A) әкімшілік айыппұл төлеуге әкеп соғады
- B) лауазымға қабылдаудан бас тартуға не лауазымнан шығаруға әкеп соғады
- C) азаматтық-құқықтық жауапкершілікке әкеп соғады
- D) тәртіптік жауапкершілікке әкеп соғады
Сұрақ №14 Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын тұлғалар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар, лауазымды адамдар өздерінің жақын туыстары және (немесе) жұбайы (зайыбы) сондай-ақ жекжаттары атқаратын лауазымдарға тікелей бағынысты лауазымдарды атқара алады ма?
Жауаптар:
- A) атқара алады
- B) құқық қорғау органдарының келісімімен атқара алады
- C) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша уәкілетті органның келісімімен атқара алады
- D) атқара алмайды
Сұрақ №15 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның құзыретіне не жатпайды?
Жауаптар:
- A) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді қабылдау
- B) Мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және лауазымды адамдардан Қазақстан Республикасының Заңнамасында белгіленген тәртіппен ақпарат пен материалдарды сұрату
- C) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайларын барынша азайту және жою жөнінде ұсыным енгізу
- D) Осы заңға сәйкес, мемлекеттік органдар, ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау
Сұрақ №16 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдауға адамдардың келісімін кім тіркейді?
Жауаптар:
- A) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша уәкілетті орган
- B) құжаттама бөлімі жазбаша нысанда
- C) тиісті органның басшысы жазбаша нысанда
- D) персоналды басқару қызметі жазбаша нысанда
Сұрақ №17 Қызметтік құпияны құрайтын мәліметтер .... (11-б, 14-т)
Жауаптар:
- A) Қвзвқстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің сұрау салуы бойынша ұсынылады
- B) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның, прокуратура, ұлттық қауіпсіздік комитетінің сұрау салуы бойынша ұсынылады
- C) ішкі істер, мемлекеттік кіріс, әскери полиция органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің сұрау салуы бойынша, сондай-ақ заңда белгіленген сот тәртібімен ғана ұсынылады
- D) барлық жауап дұрыс
Сұрақ №18 Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар нәтижесінде жасалған мәмілелері шарттары .... (26-б,1-т)
Жауаптар:
- A) прокурордың талап қоюы бойынша Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен сот жарамсыз деп таниды
- B) мүдделі тұлғалардың талап қоюы бойынша Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен сот жарамсыз деп таниды
- C) барлық жауап дұрыс
- D) уәкілетті мемлекеттік органдардың алап қоюы бойынша Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен сот жарамсыз деп таниды
Сұрақ №19 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган жыл сайын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы қалыптастырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны:
Жауаптар:
- A) Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізеді
- B) Қазақстан Республикасының Президентіне енгізеді
- C) Қазақстан Республикасының Премьер – Министріне енгізеді
- D) Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді
Сұрақ №20 Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын, адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың жеке мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық, мұндай жағдайларда осы аталған адамдардың жеке мүдделері олардың өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындамауына әкеп соғу мүмкін:
Жауаптар:
- A) Қақтығыстық жағдай
- B) Пікірталастық жағдай
- C) Мүдделер қақтығысы
- D) Қақтығыс